Қарашадағы Ұлттық банктің таза ішкі активінің (Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге және басқа да таза ішкі активтерге талабының жұмсаруы) азаюы ақша базасын 0,8 пайызға немесе 12,7 млрд теңгеге қысқартуға алып келді. Сонымен бірге, қазіргі бағамен есептегенде Ұлттық банктің таза халықаралық қоры 4,0 пайызға немесе 690,2 млн АҚШ долларына көбейді.
Ішкі валюта нарығында тауар сатып алу, Ұлттық банктегі үкімет есепшотына валютаның келіп түсуі Қаржы министрлігінің сыртқы қарызына қызмет көрсету бойынша операцияларды жүргізгенге және екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік есепшотындағы шетел валютасындағы қалдықтың азаюына қарамастан валюталық қордың өсуіне әкелді.
Нәтижесінде таза валюталық қор (СКВ) 507,4 млн АҚШ долларына өсті. Ал жүргізілген операциялар және алтын бағасының әлемдік нарықта 1,5 пайызға өсуі нәтижесінде алтын түріндегі актив 182,8 млн АҚШ долларына өсті.
Ұлттық банктің таза халықаралық қоры тұрақты бағаммен 3,7 пайызға, еркін айналмалы валюта түріндегі таза активі - 3,2 пайызға, алтын түріндегі активі - 9,9 пайызға артқан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті