Қарашаның басы мұншама жылы басталуы Алматыда соңғы рет 37 жыл бұрын болған – синоптиктер


Бұл туралы ҚазТАГ жазады.

«Кеше Алматыда термометр бағаны Алматыда +23,8°С –ға дейін көтерілді. Егер нақты күнмен – 2 қарашамен -  салыстыратын болсақ, онда температура шынымен де нормадан асып тұр. Егер ауа температурасын Алматыда ХІХ ғасырдан бері өлшеп келе жатқанын ескерсек, онда 2 қарашадағы ауа температурасы соңғы 100 жылдағы ең жоғарғы температура болды», - деді «Қазгидромет» РМК Алматы филиалының климаттық өзгерулер басқармасының бастығы Светлана Долгих.
Сонымен қатар ол, бұрындары қарашада басқа күндері де жоғары температура болғанын атап өтті. 
«1979 жылы 4 қарашада Алматыда ауа температурасы +25,4°С-қа дейін көтерілді. Сондықтан қарашада бұдан 37 жыл бұрын жылы болыпты», - деп атап өтті С. Долгих.
Ал алда бұдан 37 жыл бұрын болған темпеатура рекордын жаңарта алмаспыз, себебі 4-5 қарашада суық антициклон келісімен бүкіл Қазақстанда ауа салқындайды деп күтілуде. Оңтүстік аудандарда ауа температурасы күндіз +5°С –тен түнде  -5°С аралығында суытады.