Жоспар бойынша, форумға әзірбайжандық 25 компания қатысады деп күтіліп отыр.
"Біздің мақсатымыз- құрылыс пен мұнайгаз кешендеріндегі қызмет көрсету және ауылшаруашылық өнімдердің экспорттарын дамыту",-деді АZPROMO.
Экспортты қолдау - Әзірбайжан үкіметінің ел экономикасын қайта құруға бағытталған жоспарының бір бабы.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Әзірбайжан арасында қол қойылған мемлекетаралық, ведомство және үкіметаралық келісімдер саны 80-нен астам. Сонымен қатар экономиканың түрлі салалары, мұнай машина жасау, туризм, ауыл шаруашылығы т.б. салаларда ынтымақтастық дамып келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті