Қарашығанақ кенішінде құрылыс жұмыстарының аяқталуына байланысты 1-мамырда 6 мыңдай адам жұмыстан шығарылды

М.Әбдірахмановтың атап көрсетуінше, жұмысшылардың жұмыстан шығарылуы облыстағы ахуалға кері әсерін тигізген жоқ. Жұмыссыз қалған 3 мыңдай адам өз бетімен жұмысқа орналасқан.

Сондай-ақ, облыстағы еңбекпен қамту орталығында жұмыссыз қалған мамандардың дерекқоры құрылып, жұмыспен қамту орталықтарының көмегіне жүгінушілерге мониторинг жүргізілуде. 2004-жыл басынан бері орталыққа келген 1215 адамның 586-сы жұмысқа орналастырылды.
Әкім орынбасарының айтуынша, Қарашығанақ кенішін жайластыру шараларының аяқталуына байланысты 2004-жылы жергілікті бюджеттің кірісі 3 млрд. теңгеге азаяды. Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облыстық бюджеті 2003-жылғымен салыстырғанда 1,7 млрд. теңгеден қағылды.