Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Батыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 15 млн. доллар бөлді

Компаниядағылардың хабарлауынша, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг бұл мақсатқа жыл сайын 10 млн. доллар бөледі, бірақ биыл бұл қаржыны 15 млн. долларға дейін ұлғайтты.

Бөлінген қаржы облыстық клиникалық аурухананың хирургиялық бөлімшесін реконструкциялауға, осындағы шипажайлардың бірін облыстық кардиологиялық орталық түрінде қайда жөндеуге, Жаңаталап-Успеновка газ құбырын тартуға жұмсалмақшы.
Қазіргі жағдаймен Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Батыс Қазақстан облысындағы ірі инвестор болып табылады. 2003-жылы Қарашығанақта 5,51 млрд. текше метр газ, 5,73 млн. тонна конденсат өндірілді. (Ал 2002-жылы бұл көрсеткіштер тиісінше 4,73 млрд. текше метрді және 5,2 млн. тоннаны құрады). Кеніш өзара өнім бөлісу жөніндегі 40 жылдық келісім негізінде игерілуде.