"Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В." (КПО) компаниясы 2004-жылы КТК теңіз терминалынан 3 млн. тоннадай сұйық көмірсутегі шикізатын жөнелтті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, компания ай сайын КТК жүйесі арқылы 550 мың тонна мұнай тасымалдай отырып таяу уақыттарда жылына 7 млн. тонналық межеге қол жеткізуді көздеп отыр.

Қарашығанақ мұнайы құбырмен тасымалдана бастау нәтижесінде КРО КТК құбыр жүйесін мұнаймен қамтамасыз етуші "Теңізшевройл" ЖШС-нен кейінгі екінші ірі компанияға айналды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Karachaganak Petroleum Operating (KPO) халықаралық консорциумы ұзындығы 635 шақырымдық "Қарашығанақ-Үлкен Шаған-Атырау" құбырымен Қарашығанақ кенішінен Каспий құбыр консорциумы жүйесіне (КТК) мұнай тасымалдау жұмыстарына 2004-жылдың орта шенінен бастап кіріскен.
2005-жылы КТК жүйесін мұнаймен қамтамасыз етуші компаниялардың жалпы мұнай тасымалдау көлемі 32 млн. тонна болады деп күтілуде. Ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 22,5 млн. тоннаны құрады.
КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия - 24%, Қазақстан - 19%, Оман Сұлтандығы - 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани - 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. - 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани - 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. - 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. - 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС - 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС - 1,75%.