ҚПО компаниясы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің менеджері Фил Мичелл : "жоба аймақтағы тұрақты дамуға түрткі болу жөніндегі міндеттемеге дәлел бола алады. Бұл бастаманы жүзеге асыру Қарашығанақ кенішінің төңірегінде орын тепкен ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға оң ықпалын тигізеді",- деді.
Үш жылға есептелген жобаның басты мақсаты - ауылшаруашылығы алқаптарының ахуалын зерттеу, өңдеуге қолайлы дақылдар түрін анықтау, Бөрілі аудандық фермерлерге арнап Қарашығанақ маңында ауылшаруашылығын жүргізуге арналған тәжірибелік нұсқаулықтар жасау болып табылады.
Жобаны жүзеге асыру үшін 4 гектар жер учаскесі таңдалып, Бөрілі ауданында дәстүрлі егілетін арпа, бидай, бұршақ тұқымдастар мен жемдік дақылдар егілді.
Жобаның жетекшісі, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры Сәния Жұбатарованың айтуынша, "зерттеулер қорытындысы кеніш төңірегіндегі топырақ ахуалының жақсы екенін, өсімдіктердің толық даму сатысынан өтетінін және бұл жерде ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары түсім алуға болатынын көрсетті".
"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" - Би-Джи Групп (32,5%), Эни (32,5%), ШевронТексако (20%) және ЛУКОЙЛ (15%) компаниялары біріккен кәсіпорын.
"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" дүниежүзіндегі ең ірі мұнайгаз конденсаты кеніштерінің бірі - Қарашығанақ кенішін игеру және оны дамыту жұмыстарын басқарады. Батыс Қазақстан облысында орын тепкен Қарашығанақ кенішіндегі қор 1,2 млрд. тонна мұнай мен конденсат және 1,35 трлн. текше метр газдан құралады.