Қарасу ауылында үйлері бұзылатын 13 отбасы көшіріліп жатыр

Бүгін таңертең Алматы қаласының барлық аудандарының сот орындаушылары мен қала әкімдігі өкілдерінен құрылған 50 адам Қарасу ауылына осы мақсатпен келіп жетті. Үйлерді бұзу үшін екі бульдозер әкелінді.

Үйлерден көшіру кезінде ауыл тұрғындары мен билік өкілдері арасында келіспеушілік туындады, соның салдарынан қала әкімдігінің өкілдері құқық қорғау органдарының бөлімшесін шақыртты. Қазіргі кезде үйлер бұзылып жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, бұл үйлердің тұрғындарына жеке үйлерді салу үшін жер бөліп беру жөнінде Жетісу ауданының әкімі 1998 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында қол қойған шешімдер шығарылған. 2005 жылы Алматы әкімінің орынбасары Яков Заяц Қарасу тұрғындарына бұл үйлерді заңдастырып беруге уәде берген.

2006 жылы тұрғындар мүлікті заңдастыру және жер комиссиясына жер учаскелеріне құқығын тіркеп, заңдастырып беру мәселесі бойынша екі рет арыз тапсырған болатын. Алайда, олардың арыздары қанағаттандырылмады. 2006 жылдың маусым айында қала билік өкілдері бұл жерлерді коммуналдық нысан құрылыстары үшін аукцион арқылы "Абажур" ЖШС 70 млн теңгеге сатып жіберген.

Алайда, Карасу тұрғындарының ақпараты бойынша, "Абажур"ЖШС жеке меншік құқығын тіркеп алғаннан соң, жер учаскесін $7 млн сататын болған.

"Біз өзімізді жерді өз бетімен басып алғандардың қатарына жатқызбаймыз. Біз заң жолымен жүретін адамдармыз. Егер біз заңды бұзғанда,онда бізді сотқа 9 жылға берер еді. Бұрын біздің құжаттарымызды қолдан жасалған деген жоқ еді. Ал қазір біз ешкімге керек болмай қалдық, бізді бәрімізді "Абажур" ЖШС сатты", -деп хабарлады Рабагүл Иминова поселкеде күшпен үйі бұзылған тұрғындардың былтыр маусым айында өткен баспасөз мәслихатында. Оның сөздері бойынша "Абажур" 13 үйге ғана дәмесі бар, ал онда тағы да 100 баспана тұрғызылған.