Қаратөбеліктер Оралдағы балалар ауылында қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин мекемеге теледидар, осында тәрбиеленіп жатқан қаратөбеліктер Марина Аманғалиева, Ақтілек пен Гүлжан Шыныбаеваларға ұялы телефондар тарту етті.

Ауданның көркемөнерпаздары концерт қойып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мекеме директоры Ғалия Сенғалиева қаратөбеліктерге ризашылығын білдірді.

Қазіргі таңда аталмыш мекемеге қарасты 11 коттеджде 120 бала тәрбиеленуде. Мұндай қайырымдылық шаралар жыл сайын жалғасын тауып келеді.