"Қаражанбасмұнай" ААҚ мұнайшылардың балаларының биылғы жазғы демалысына 18 млн. теңге бөлді

Өткен жұмада балалардың "Волна" сауықтыру лагерінде жазғы маусымның басталу рәсімі болып өтті. Бұл лагерь сұйытылған көгілдір отын сатумен айналысатын "Егінсу" ЖШС кәсіпорнының иелігінде. Мұнда биыл жазғы маусым алғаш рет ашылып, оған "Қаражанбасмұнай", "ӨзенМұнайГаз" және "Аджип ККО" мұнай компанияларының мұнайшылары өз балаларын жіберді.

Лагерьде демалуға қолайлы барлық жағдайлар жасалған : бөлмелер 2-3 адамға есептеліп, монша кабинкаларымен қамтамасыз етілген. Медициналық кабинет, спорт және музыкалық залдары бар спорттық-демалыс кешені жұмыс істейді, балалар күніне бес уақыт тамақтанады. Ал таяуда мұнда жаңа қазіргі заманғы бассейн ашу межеленіп отыр.