Қауын-қарбызды талан-таражға салған астаналықтардың енді тұтастай түйе етін бөлшектеген видеосы тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Оқиға куәгері таратқан видеода ер адамның түйе тушасының жанында тұрған аспазды елемей, аяғын тұтастай алып жатқан сәті көрініп қалған.
Айта кетерлігі, тәжік аспаздары астаналықтарға түйені бөлшектемей, бүтіндей пісіріп таң қалдырмақ болған. Десе де, елордалықтар бұған көнбеген. Олар түйе етінің маңында тұрған тәжік азаматтарын елемей, түйені тұтастай жұлқи жөнелген.
Тұрғындардың мұндай әрекеті көптің ашуын келтірді. Олар: «Бұл халықтың істегендері аштыққа жатпайды, надандық, мәдиниетсіздік», «Жілік-жілік жылқы етін жеп жүрген қазағым, бұл қалай болғаны ұят болды ау ұят болды ау тәжіктерден», «Тәжіктерге күлкі болдық» деп жазды олар.