Қарды уақытында жинамаған елордалық кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Мысалы, Бәйсейітова көшесінде орналасқан дүкенді жалға алушыға 30 АЕК (68 070 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

2016 жылы табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 5 мыңнан аса заңды және жеке тұлғаны жауапқа тартқан. Айыппұлдың жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам соманы құрады.

Астана қаласын абаттандыру ережелеріне сәйкес, қала көшелерінен келетін және бекітілген аумақтарды, кіре берістерді тазартуды және күтіп ұстауды бөлінген аумақтарда орналасқан құрылыстарды пайдаланатын және меншігіне алған заңды және жеке тұлғалар іске асырады. Осы ретте кәсіпкерлер тазалау жұмыстарын өз бетімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт бойынша іске асырады.

Жақын маңдағы аумақты қар мен қоқыстан уақытында тазаламағаны үшін шағын және орта бизнес объектілері ҚР ӘҚБК 505-бабы «Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.