Қарияны құтқарамын деп қақпанға түсті


 Денесі қуысқа қыстырылып қалған жігіт жедел жеткен құтқарушыларды күліп қарсы алды. Айтуынша, кілтін жоғалтып, үйіне кіре алмаған көршісіне көмектеспек болыпты. Бір сағат тыпырлай алмай тұрған жігітті ақыры төтенше жағдайлар қызметкерлері түсіріп алды. Пәтер иесінің қуанышында да шек жоқ. Себебі, Игорь аман-есен шығарылып, есік те бұзылмай ашылды. Бизнес-колледжді былтыр бітіріп, саудагер болуды армандаған жас жігіт енді бұл ойынан айнып қалыпты. Алдағы күзде ол құтқарушылардың қатарына қосылмақшы.