Қармақшыда «Екі жұлдыз» талапкерлері ән жарыстырды

Ал сайыс ауылдық клубта белгілі өнерпаздар мен басқа кәсіп иелерінің өнерін ұштас­тыру, клуб үйі қыз­меткерлерінің біліктілігін арттыру, оларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.

Ән жарысының қорытындысында қазылар алқасы бас жүлдені Қармақшы ауылының жас әншісі Айдана Бимұрат пен ауыл тұрғыны, «Ай-Дан» фирмасының қызметкері Нұржан Таң­баевқа тапсырды. Бірінші орынды Төребай би ауылдық клуб үйінің қыз­меткері, әнші Берік Аққалиев пен ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Эльвира Елемесова еншіледі.