Ал сайыс ауылдық клубта белгілі өнерпаздар мен басқа кәсіп иелерінің өнерін ұштастыру, клуб үйі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларға әдістемелік-тәжірибелік көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Ән жарысының қорытындысында қазылар алқасы бас жүлдені Қармақшы ауылының жас әншісі Айдана Бимұрат пен ауыл тұрғыны, «Ай-Дан» фирмасының қызметкері Нұржан Таңбаевқа тапсырды. Бірінші орынды Төребай би ауылдық клуб үйінің қызметкері, әнші Берік Аққалиев пен ауыл мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Эльвира Елемесова еншіледі.