Оған қатысқан талапкерлер байқау шарты бойынша өздерінің тақырыпқа сәйкес және еркін мазмұнда жазған екі өлеңін ұсынды. Нәтижесінде қазылар алқасы бас жүлдеге Тұрмағанбет ауылының талапкері Сәулет Қалтаевты лайықты деп тапты. Бірінші орын №250 мектептің оқушысы Сырым Әділбековке берілді. Екінші орынды Дүр Оңғар ауылынан Ақкенже Жүнісова мен №183 мектептің ақын қызы Ақерке Жалғасова өзара бөлісті. Ал бас жүлдегер облыстық байқауға қатысатын болды.