Қарқаралыда аңшылар көне қазан тауып алды

деп хабарлайды Ұлттық арнаның тілшісі.

 Тарихи деректерге жүгінсек, 1837 жылы Кенесары Қасымұлы патша отрядтарын талқандап, қол астына бірнеше округтерді, соның ішінде осы Қарқаралыны да қаратты.

 Осында біраз уақыт аялдап, бекініс құрды. Сол кезден бастап-ақ бұл жер Кенесары қорғаны деп аталып кетті. Ал уақыт иіріміне шыдас берген шойын қазан ұлт азаттығы жолында құрбан болған жандардың тағдырымен біте қайнасқан көнекөз дүние есебінде құнды болып отыр.

 Екі ғасырға жуық тарихы бар жәдігер Қарқаралы қаласының 190 жылдық мерейтойына үлкен тарту болмақ. Көне жәдігер жергілікті өлкетану мұражайына қойылды.


 «Кенесары қорғаны жағына қарай аңға шыққан едім. Кездейсоқ жерден шеті көрініп жатқан затқа көзім түсті. Қазып алдым», - дейді көне қазанды тапқан Қарқаралы қаласының тұрғыны Берік Кемпірбаев.