Қарсылас шақ келтірмеді: Сәкен Бибосынов жартылай финалға жолдама алды

Үш раундтық жекпе-жек барысында отандасымыз қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Өз мәнерінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Енді оның қоржынында кем дегенде қола медаль бар.

1/8 айналымда ол үндістандық Дипакпен кездесіп, жеңіске жеткен болатын. Ал алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматовты ұтып, көршілерді бір шулатқан болатын.


Еске салсақ, Сәкен Бибосынов жартылай финалға өткен төртінші боксшымыз.