Азия чемпионатының өткен жылғы чемпионы жарысты бірден ширек финалдан бастаған. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Монғолия спортшысы Номин-Эрдене Тугсжаргалмен жұдырықтасты.
Жекпе-жек барысында Волсенко қарсыласын 2 рет нокдаунға жіберген. Алайда төрешелердің шешімімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Азия чемпионатының жартылай финалына Алуа Балқыбекова, Дулат Бекбауов, Санжар Ташкенбай, Саматәлі Төлтаев, Сабырхан Махмуд, Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов, Дариға Шакимова, Карина Ибрагимова, Жайна Шекербекова, Жазира Орақбаева, Мадина Нұршаева, Гүлсая Ержан мен Ләззат Күнгейбаева жолдама алған еді. Бұл спортшылар кем дегенде қола медаль иеленуі тиіс.