Ол 21 сәуір күні «Ливерпуль» - «Челси» құрамаларының кездесуінде «Челсидің» қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістеп алған-ды.
«Суарестің бұл қылығы ойыншыға жат жағдай. Осындай әрекет үшін әдеттегі жаза - үш ойынға қатыстырмау. Бірақ аталмыш оқиға үшін оның өзі аздау. Тәуелсіз комиссия мүшелері 24 сәуір күні аяқдопшының тағдырын шешпек», - деп хабарлайды "Интерфакс" Ұлыбритания Футбол федерациясына сілтеме жасап.