Астанада қарт жүргізушіні аяусыз ұрып-соққан адам өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздеу шаралары барысында Астананың 23 жастағы тұрғыны ұсталған. Қарт адамды ұрып-соғу дерегіне қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Алайда жәбірленушіден әзірше арыз түспеген. "Осыған байланысты жәбірленушіден полицияға хабарласуды сұраймыз", - дейді қалалық ІІД өкілдері. Полициядағылардың айтуынша, жүргізушіні аса қатыгездікпен ұрып-соққан ер адам өз әрекетіне жолдағы жанжалдың себеп болғанын айтқан. Жанжалдан кейін ол осылайша әрекет етуді ұйғарыпты. Мұның алдында ІІД-нің баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова ер адамның табылғанын және соталды тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлаған.