Қарттар үйіндегі әже қажылыққа баратын болды (ФОТО)

Бас мүфти қарияларды қасиетті Құрбан айт және қарттар мерекесімен құттықтап, батасын алды. Өздігінен жүре алмайтын қариялардың ахуалымен танысып, ауруынан айығып кетуін Алладан сұрап, дұға етті.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қарттар үйлеріне қайырымдылық шараларын жиі өткізіп келеді. Өткен жылы осы жердегі екі ақсақалымызға кіші қажылыққа тегін жолдама бердік. Биыл осы қарттар үйіндегі Айымторы Тайғаринова апамызды умра қажылығына жебірмекшіміз. Кеше Алматы қаласында өткен рухани кеште Айымторы апамызға кіші қажылықтың сертификатын ресми табыстадық. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Қарттардың жанында береке бар», - деген. Біздің мақсатымыз - жастарымызды ата-ананы құрметтеуге шақыру. Өйткені, ата-ананың разылығы - Алланың разылығы», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ басшылығы ардагерлер үйіне үлкен кілем сыйға тартты.