"72 жастағы зейнеткер бізге жалпы сомасы 937 мың теңге болатын 5,6 мм калибрлі спорттық-аңшылық оқтары салынған екі жәшік алып келді", - деп хабарлады А. Иманғалиев.
Зейнеткер осыдан он жыл бұрын Ресейге көшіп бара жатқан әскери қызметкерден гараж сатып алған. Ал осыдан бір жыл бұрын гараждың еденін орналастыра жүріп, ірі көлемдегі қару-жарақ салынған жәшіктерді тауып алған.
А. Иманғалиевтің айтуынша, зейнеткер өзінің тапқанына қатты қуанған және ақшаның көп бөлігін депозитке салып, қалғанын немерелеріне жұмсайтынын айтқан.