- Үр, ит сияқты
– Аф.Аф.
- Сиыр бол
– Мууу –
–Қатты айқайла дедім ғой...
17 жасар Қайрат есімді жігітті жерге төрттағандатып отырғызып жан-жануардың даусын салдырып күштеп малша маңыратқан видеосын қатыгез жігіттер ғаламторға салып жіберіпті. Шолақ мылтықты кезеніп күштеген төртеудің бірі кезінде осы Қайраттан таяқ жеген көрінеді. Кек қайтаруды көздеген ол достарымен 11 сынып оқушысын мектептен шығарып алып осындай әрекеткен барған. Қазір бұзақылардың бірі қамауда. Ал қалғандары қашып жүр.