Қару-жарақтары тәркіленген АҚШ азаматтары Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шақыруымен келген - Қырғызстан үкіметі

"Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шақыруымен елдің антитеррорлық мүмкіндіктерін арттыру үшін оқыту мақсатымен АҚШ-тан мамандар тобы келген", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Республиканың ІІМ 4 -тамызда жүргізген операцияның салдарынан болған жағдайдан шығу мақсатымен Қырғызстанның мүдделі министрліктері мен мекемелерінің және Қырғызстандағы АҚШ елшілігінің қатысуымен консультациялар өтті.

"Ақылдасу нәтижесінде оқыту процессін жүзеге асыруда Қырғызстанның заңнамасында қарастырылған кейбір талаптардың орындалмағаны белгілі болды. Осыған байланысты АҚШ пен Қырғызстан арасындағы халықаралық лаңкестікпен күрес саласындағы белсенді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру үшін жіберілген кемшіліктерді жоюға шаралар қолданылып, осыдан кейін Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті мен АҚШ жағы арасындағы бірлескен тренингтер одан әрі жалғасады", -деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.