Қарыбай Әбілезов индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалды

Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы 1961 жылы туған, 1983 жылы Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітірген, техника ғылымдарының кандидаты.

Қарағандыдағы "Тар" компаниясының бас директоры, Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев атындағы ауданының әкімі болған. 2007 жылдан бері "СарыАрқа" ұлттық компаниясы басқармалары төрағасының орынбасары болып табылады.