Қарынын дамбалдың ішіне қинап тығып "қалай қыздай болдым ба? " дегенде жыным ұстайтын


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бұрын қырықтың қырқасындағы әйелдердің әжім іздерін жасырып, ақ шашын бояп, біртіндеп жұлып, көзін үлкейтіп-кішірейтіп, бетін опалап, салпиған сары қарнын умаждап-умаждап,3-4 размер кіші дамбалдың ішіне қинап тығып жатып, үміт оты жылтыраған көзімен жымысқылана жымиып : "қалай қыздай болдым ба? " дегенде, жыным ұстап, "өзгерген дым жоқ. Неменеге жанталасады" деп ойлайтынмын. Енді өзім де жымысқылана жымиып отырмын... Қайран уақыт! Қарынға қатпар түссе де, жүрегіңізге әжім түспесін, жеңгелер, құрбылар", - деп жазды блогер.