Бұл туралы сәбидің анасы Мәдина Тәукенова айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Анасының видеосы angry_taldyk парақшасында жариялады.
Дәрігерлер сәбиге көптеген дене жарақаттары түскен және миына қан құйылған деген диагноз қойған. Жарақат алған бала 12 қыркүйекте қайтыс болды, бірақ бұл туралы жексенбі күні ғана белгілі болды.
Сәбидің өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын балаға күтуші болған 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Талдықорған соты үйқамаққа алу туралы шешім шығарған.
Марқұм сәбидің анасы Мәдина ТӘУКЕНОВА-ның айтуынша, баспанасының жоқтығынан балалармен бірге бола алмай, оларды тәулік бойы жұмыс істейтін жеке үй балабақшаға берген. Ақы төлеуді кешіктірген, осы жағдай оның баласының қорлық көруіне әкеп соққан болуы мүмкін екен.
– Қарлығаш маған телефон соғып, баламның жағдайы нашар екенін айтты. Мен бірден Шығыс шағын ауданындағы соларға келдім. Ол көгеріп, сөйлей алмай қалыпты, - деп еске алады Мәдина. - Мен одан не болғанын сұрадым, күтуші оның жуынатын бөлмеде құлап қалғанын айтты. Мен ұлымды ауруханаға апардым...
Мәдинаның өзі жеке үйдегі тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша тәрбиешісіне 61 860 теңге қарыз болыпты.Қарызының кесірінен жекеменшік балабақшаның иесі Қарлығаш Мадинаның балаларын кепілге алған!!
Мадина 102-ге хабарласуға қорыққан. Ол балаларын бейтаныс адамдарға қалдырғаны үшін жауапқа тартама деп сескенген көрінеді. Қазір тергеу Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша жүргізіледі. Істі облыстық полиция департаменті ерекше бақылауға алды.