Caravan Logo

Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға жария етілді

Қарыздан құтылу үшін оқылатын дұға жария етілді

Таудай қарыздан құтылу үшін мына дұғаны оқыңыз, деп жазады ihsan.kz.

Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

  • Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, - дейді. Сонда Әли:
  • Қаласаң, Пайғамбарымыздың ﷺ маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:

اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ


Аллаһуммәкфинии би хәләликә ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә әммән сиуак

Мағынасы:

Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!