Қарызын алуға кеткен алматылық жігіт өлі табылды


"Оны өлтіріп, суға тастай салған. Ол небәрі 24 жаста еді, үйленгісі келіп жүрген. Ақылды жігіт болған, мектепте жақсы оқыған. Мейірімді, біреуге жамандық жасамаушы еді", - дейді туысы. 

Мұның алдында Зинур Хамитовтың жоғалып кеткенін анасы Альфия хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы берген 100 мың теңге қарызын алу үшін Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылына баруға кетіп, қайтып оралмаған.