Қаржы министрі:Қазақстан коронавирус мәселесіне 3,5 миллиард теңге арнады

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды Stan.kz -ке сілтеме жасап.

«Қаржы үкіметтік резервтен бөлінді. Осы орайда коронавирустың таралуына қарсы күрес жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дәрі-дәрмекті, масканы, тепловизорлар мен басқа да жабдықтарды алу шаралары қамтылады. Шамамен 3,5 млрд теңге бөлінді. Осы бағыттағы жұмыстарды Денсаулық сақтау министрлігі бақылайтын болады», - деді Қаржы министрі. 

Естеріңізге салайық, бұған дейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев коронавирус мәселесіне байланысты 
1,5 миллиард теңге бөлінгендігі жайлы айтқан
 еді.