Қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламаларды бағалау үшін "шұғыл телефон желісін" ашты

"Үкіметтің 2005-жылғы 1-ақпандағы кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2004-жылғы республикалық бюджеттің дер кезінде әрі толық орындалмуына, сондай-ақ, бюджеттік жүйенің ашықтығын қамтамасыз ету принциптерін жүзеге асыру және бюджеттік процесстердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету жөнінде берген тапсырмаларына байланысты ҚР қаржы министрлігі бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау бағытында жұмыстар жүргізуде",- делінген баспасөз баянында.

Министрлік аясында ҚР парламенті палаталарының, Республикалық бюджеттің атқарылуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті мен басқа да мемлекеттік мекемелер өкілдерінен құралған арнаулы жұмыс тобы жасақталуда.
"Қаржы министрлігіне келіп түскен барлық ақпарат республикалық тиісті бюджеттік бағдарламалардың администраторларын шақыру арқылы жұмыс тобының отырыстарында талқыланады. Жұмыс нәтижесінде 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы жылдық есепті дайындау барысында пайдалану үшін бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауға бағытталған қорытынды жасалады",- дейді министрліктегілер.
Астанадағы шұғыл телефон номерлері мынадай: (8-317-2) 71-73-81, 71-73-72.
Шұғыл телефон желісі 2005-жылғы 20-қаңтарға дейін жұмыс істейді.