Қаржы министрлігінде Қазақстан Даму банкін дамыту жөніндегі жұмыс тобы құрылады

Д.Ахметовтың пікірінше, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік банктің қадамдардын шектеп отырған кейбір тыйым шаараларын алып тастау керек.

Үкімет отырысында сонымен бірге Қазақстан Даму банкінің капиталын ұлғайту мәселесі сарапқа салынды. Соның ішінде банктің жобаларын, әсіресе лизингтік компания құру жобасын одан әрі жүзеге асыру үшін 30 млрд. теңге қажет. "Алайда жобалар қосымша сарапталып, оларды іске асырудың дәйекті тетіктері жасалады",- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметов еліміздегі қаржылық институттарды дамыту жөнінде нақты ұсыныстар жасай алмай отырған кейбір экономикалық мекемелердің жұмысына мін тақты.