"Конференция кезінде салық заңын қолдануға байланысты қойылатын сауалдарға толық жауап беріліп, салық органдарының қызметі, салық салу жүйесі және т.б. мәселелер бойынша туындайтын сұрақтарға жауап беріледі", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Конференция ұлттық "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде сағат 19.00. беріледі.
"Салық төлеушілер барлық сауалдарын 1 желтоқсанда арнайы құрылған www.salyk.kz сайтының айдарына жіберіп, немесе, электрондық ic@mgd.kz мекен-жайы бойынша жөнелтуіне болады ", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, баспасөз қызметі хабарлағанындай, егер кейбір азаматтар Интернет қызметін пайдалану мүмкіндігі жоқ болса, онда олар "конференция өтетін күні салық комитетінің аумақтық бөлемшелерінде ақпаратты өңдеу және қабылдау орталықтарында орнатылған компьютер арқылы интернетке қосылуға мүмкіндік алады".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті