Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасарлары болып Алина Алдамберген мен Қуат Қожахметов тағайындалды.
Мемлекет басшысының тағы бір өкімімен Ғани Өзбеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
А. Алдамберген 1973 жылдың қаңтарында дүниеге келген. Бірқатар жылдар бойы ABN AMRO Bank-тың Алматы мен Лондондағы бөлімшелерінде қызмет атқарған. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасының Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болған.
Қ. Қожахметов 1973 жылдың 2 сәуірінде туған. Былтырдан бері "Цеснабанк" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.