Қаржы пирамидаларының қызметіне тыйым салатын түзетулер пакеті қабылданды

Қазақстан Республикасының кейбір заңдылық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

Құжат парламент тарапынан тұтас алғанда қабылданған болып саналады, ол елбасына қол қоюға жіберілді.

Заңда республика аумағында қаржылық пирамидалардың қызметіне жол бермеу және оның алдын-алу шараларының жиынтығы көзделген.

"Сарапшылардың бағалауынша, әлемде қаржылық пирамидаларға қатысушылардың саны шамамен 10-15 млн адам, тек біздің республикада ғана 2010-2013 жылдары "МММ" 8 офисі болған. Біздің республиканың құқық қорғау органдары пирамидалардың заңсыз қызметіне орай фактілер бойынша 61 іс қозғаған. Жалпы алғанда шамамен 4 мың адам зардап шеккен, келтірілген залал 767 млн теңге", деген болатын алдында Қазақстан Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель.

Оның айтуынша, қаржылық пирамидаларды ұйымдастыру және басқарғандық үшін Қылмыстық кодексте жауап беруді көздейтін бап енгізілген.


"Мүлігін конфискілей отырып, жеті жылға бас бостандығынан айыру көзделген. Интернет- ресурс пен коммуникациялық жүйелер пайдаланған жағдайда одан да қатаң жаза көзделген, 12 жыл", деді ол.

Енгізілген ынталандыру нормасына орай ерікті түрде пирамидаға қатысқандығын хабарлаған, сол арқылы оның қызметінің тоқтатылуына ықпал еткен тұлға ондай қылмыс үшін жауапкершіліктен босатылады.

Қаржылық пирамидаларды жарнамалауға да тыйым салу көзделген.