Қаржы полицейлерінің Кәсіби этика кодексі қабылданды

Агенттік баспасөз қызмтінің сәрсенбі күнгі хабарламасына сүйенсек, «Кодекс қаржы полициясында қызмет ететін азаматтар үшін маңызды саналатын адамгершілік құндылықтарын, олардың міндеттері мен ұстанымдарын айқындайтын кәсіби-этикалық талаптардан құралған».

Құжатқа сәйкес, қаржы полициясы қызметкері Конституцияны, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерді бұлжытпай орындауға, азаматтар мен адамның ар-ожданын құрметтеуге міндетті. Сондай-ақ, ол мемлекетті, мемлекеттік билік пен қаржы полициясы органдарының атына кір келтіретін іс-әрекет жасамауы тиіс.
Сонымен қатар, құжатта жемқорлыққа қарсы кәсіби-этикалық мінез-құлық стандарттары көрсетілген.