Қаржы полициясы 2007 жылы шарттарды орындамаған жер қойнауы пайдаланушыларына қатысты 23 қылмыстық іс қозғады

"Жер қойнауын пайдаланушыларымен арада қол қойылған шарттардағы міндеттердің орындалуына бағытталған тексерулер жүргізілуде. Бұл салада бүгінде 23 қылмыстық іс қозғалып, 14,3 млрд теңге мөлшерінде шығын келтірілгені анықталды", - деді Р. Ыбрайымов.

Оның мәселелер бойынша, Маңғыстау облысында көмір сутегін шығару кезінді "Бұзашы Кооперейтинг"АҚ, "Қаражанбасмұнай"АҚ, "Арман" ЖШС, Атырау облысында "Экогеонефтегаз", Жамбыл облысында Амангелды кен орнына қатысты заң бұзушылықтардың болғанын анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

"Тергеу кезінде анықталғанындай "Қаражанбасмұнай" компаниясының акционерлері "СИТИК" компаниясына жер қойнауын пайдалану құқығын сату кезінде акция өсімінің құнынан 41 млрд теңге мөлшерінде салықты төлемегені анықталды", - деді агенттіктің бірінші орынбасары.

Оның мәліметтері бойынша, Қызылорда облысы бойынша агенттік департаменті және облыстық прокуратурасымен бірлесе отырып "Айдан-Мұнай" және "Қуат Амлон Мұнай"АҚ жасаған тексерулері барысында мұнай құбырынан құйылып алынған шикі зат жер қойнауының территориясына ағылғандығын анықтады. "Бұл іс табиғатты қорғау прокуратурасына тапсырылды", - деп айтты Р. Ибрайымов.

Сонымен қатар, облыстық департаментінің қаржы полициясы қоршаған ортаны қорғау "Дюжқазнедро"жер ресурстары басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, 41 шаруашылық субъктілеріне жердің құнарлығын қайта қалпына келтіру және экологиялық зиян келтіргендері үшін айып салу жөнінде сот орындарына арыз тапсырды.