Қаржы полициясы 2007 жылы шарттарды орындамаған жер қойнауы пайдаланушыларына қатысты 23 қылмыстық іс қозғады (толықтырылған нұсқасы 5-6 абзац)

"Жер қойнауын пайдаланушыларымен арада қол қойылған шарттардағы міндеттердің орындалуына бағытталған тексерулер жүргізілуде. Бұл салада бүгінде 23 қылмыстық іс қозғалып, 14,3 млрд теңге мөлшерінде шығын келтірілгені анықталды", - деді Р. Ибрайымов.

Оның мәселелер бойынша, Маңғыстау облысында көмір сутегін шығару кезінді "Бұзашы Кооперейтинг"АҚ, "Қаражанбасмұнай"АҚ, "Арман" ЖШС, Атырау облысында "Экогеонефтегаз", Жамбыл облысында Амангелды кен орнына қатысты заң бұзушылықтардың болғаны анықталып, қылмыстық істер қозғалды.

"Тергеу кезінде анықталғанындай "Қаражанбасмұнай" компаниясының акционерлері "СИТИК" компаниясына жер қойнауын пайдалану құқығын сату кезінде акция өсімінің құнынан 41 млрд теңге мөлшерінде салықты төлемегені анықталды", - деді агенттіктің бірінші орынбасары.

ҚР сыбайлас -жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес жөніндегі агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмұрзаев, " біз бұл іске қатысты "Қаражанбасмұнайдың" бұрынғы иелеріне қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз". Кезінде, олардың мемлекетке қомақты мөлшерде салықты төлемегендіктері анықталғанда, біз болашақ акционерлерге, біздердің миллиард теңгеге датымыз бар дедік. Сондықтан, сатып алатын болсаңыздар, келісілген бағаға иемденетін активтің қаржысынан біздің талап етіп отырған сомамызды шегеріңіздер деп ескерткенбіз ", - деп атап өтті ол.

"Қазір біз ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бұл мәселе бойынша уағдаластыққа келіп(салықты төлеу бойынша) барлық талаптарды компанияның бұрынғы иелері алдына қоятын болдық", - деп жалғастырды С. Қалмұрзаев. Ол атап өткеніндей, компания 9 млрд теңге мөлшерінде салық төлеулері тиіс.

Оның мәліметтері бойынша, Қызылорда облысы бойынша агенттік департаменті облыстық прокуратурамен бірлесе отырып "Айдан-Мұнай" және "Қуат Амлон Мұнай"АҚ жасаған тексерулері барысында, мұнай құбырынан мұнай ағу салдарынан кеніштің ластанғандығын анықтады. "Бұл іс табиғат қорғау прокуратурасына тапсырылды", - деді Р. Ибырайымов.

Сонымен қатар, облыстық департаментінің қаржы полициясы қоршаған ортаны қорғау "Дюжқазнедро" жер ресурстары басқармасы қызметкерлерімен бірлесе отырып, 41 шаруашылық субъектілеріне жердің құнарлылығын қайта қалпына келтіру жөнінде және экологиялық зиян келтіргендері үшін айып салу жөнінде сот орындарына арыз тапсырды.