Қаржы полициясы 2007 жылы тұрғын-үй қатынастары саласы бойынша 539 қылмысты тіркеді

"Соңғы жылдары баспана саласы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан болар, қаржы полициясы былтырғы жылы 539 қылмысты тіркеген. Ал 2006 жылы мұндай қылмыс түрлерінің көрсеткіштері 145 құраған", - деді Р. Ыбырайымов.

Ол атап өткеніндей, тіркелген қылмыстың 250 мемлекетттік тұрғын- үй бағдарламасын іске асыру кезінді жасалған. "Мәселен, Оралда Батыс Қазақстан облысының тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының баспана бөлімінің меңгерушісі өз еркімен коммуналдық тұрғын үйдегі 80 пәтерді үлестіріп, кезекте тұрған 11 адамға негізсіз баспананы бермей қойғандықтан, сот шешімімен 3 жылға бас бостандығынан айрылды", - деген мысал келтірді агенттіктің төраға орынбасары.

"Тұрғын -үй саласында орын алған қылмыстар алаяқтық, қызмет пен билік құзырын асыру пайдалану, жалған құжаттарды дайындау, пәтерді бірінші кезекте алуда тұрған азаматтардық құқықтарын таптау, үйлердің құрылысында үлестері барлардың қаржысын тікелей пайдаланбау сияқты деректермен байланысты", -деп қорытындылады өз ойын Р. Ыбырайымов.