Қаржы полициясы Арал өңірінде шығын көлемі 2 млрд 228 млн теңгені құрайтын 406 қылмысты анықтады

"Арал өңірінің қаржы полициясы биыл 406 қылмысты тіркеді, оның 70 сыбайлас жемқорлыққа қытысты. Бұл қылмыстардың келтірген шығын мөлшері 2 млрд 228 млн теңгені құрап, оның 200 млн мемлекет қазынасына әлі қайтарылмаған", - деді облыстық ЭСЖКД баспасөз хатшысы Раушан Мамекова.

Оның сөздеріне қарағанда, бұл тендер өткізу барысында заң бұзушылықтарға жол берілуі, ҚҚС жасыру, салықтарды дұрыс есептемеу және төлемеуден туындаған қылмыстар.

Сондай-ақ, департаменттің ақпараты бойынша, биыл қаржы полициясы сыбайлас -жемқорлыққа барған құқық қорғау органдар қызметкерлеріне қатысты 8 қылмыстык іс қозғаған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңын орындамаған шенеуніктерге қатысты облыстық әкімшілік кеңеске 24 іс тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті