"Астананың халықаралық әуежайының бухгалтері 2006 - 2007 жылдар аралығында өзінің қажеттіліктері үшін 3 млн 391 мың теңге аударған", - деді Абзал Кәрімов.
Сонымен қатар, оның айтуынша, үстіміздегі жылдың басында департамент қызметкерлері "ВІ-group" компаниясының аффиирленген тұлғасы болып табылатын ЖШС бірінен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге аударылған 1 млн 140 мың теңгені алмақ болған "Карпо" ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтаған.