"10 қарашада департаментке Абылай хан көшесінде ойын автоматтары салоны заңсыз жұмыс істейді деген ақпарат келіп түсті. Жасырын салонның нақты мекен-жайы шұғыл анықталды", - деді А. Кәрімов.
Оның түсіндіруінше, "салондағы автоматтармен ойнауға сырттан бөтен адам жіберілмеген, оған тек қожайынға алдын-ала телефон қоңырауын шалу арқылы кіруге мүмкіндік болған". "Жүзеге асырылған іс-шараның барысында салонның қожайынына қоңырау шалынып, телефон соғушы өзін бір тұрақты клиенттің ұлымын деп таныстырған. Сөйтіп, Н есімді азамат салонға кіруге рұқсат алды", - деді А. Кәрімов.
Оның айтуынша, салоннан "12 ойын автоматы, төрт дорба жетон, қолма-қол ақша, соның ішінде АҚШ доллары мен Ресей рублі тәркіленді". Ақшаның жалпы көлемі 700 мың теңгеден асады.
Осы орайда А. Кәрімов "ойын салонында отырғандардың өздерін көңіл көтеру мекемесінің тұрақты клиенттеріміз деп таныстырғанын" жеткізді.
А. Кәрімовтың хабарлауынша, қазір жүргізіліп жатқан тергеу алдындағы тексерулердің қорытындысы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-шы бабы бойынша (заңсыз кәсіпкерлік) қылмыстық іс қозғалады.
Қаржы полициясы "қалада ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру деректерінің алдын алу және оларды әшкерелеу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп жатыр", деді ол.
Өздеріңізге мәлім, "Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес, букмекерлік конторалар мен тотализаторлардан өзге барлық ойын залдары 2007 жылдың 1 сәуірінен кейін арнаулы бөлінген жерлерге көшірілуге тиіс болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті