Қаржы полициясы бастығын Ресей азаматтары өлтірген


Естеріңізге салсақ, Жандос Ахметовті қаскөйлер  былтыр желтоқсан айында өз үйінің кіре берісінде атып кеткен еді. Қанды оқиғаға оның  12 жасар ұлы куә болған.  Бірнеше ай бұрын осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды. Олардың  екеуі көрші елдің азаматтары екен. Үшіншісі – өз еліміздің азаматы. Ол қолдан қару жасап сатумен айналысыпты. Жандос Ахметовті олар осындай  мылтықпен атқан. Қазір сыбайластардың  екеуі абақтыға тоғытылды. Үшіншісінің тағдыры жайлы тіс жармаған прокуратура өкілдері бірнеше күннен кейін істі сотқа береміз деп отыр. Құзырлы орган әзірге қаржы полициясы қызметкерінің тапсырыспен өлтірілгенін және мұның марқұмның жұмысына тікелей қатысы бар екенін ғана растап отыр.