Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "Лауазымдық құзыретін асыра пайдалану" жөніндегі 307-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ақпаратына сәйкес, Шаруашылық басқармасының директоры РМК -ның балансында тұрған, құны 9,8 млн. теңгені құрайтын мекен-жайды бағасын арзандатып саудаға салған. Осыдан кейін аукционға өзі қатысып, жеңімпаз ретінде оны 820 мың теңгеге сатып алған.