Алайда бүгін қаржы полициясы ел ішін кеулеп кеткен ақпаратты жоққа шығарып, бұрынғы білім министрі Бақытжан Жұмағұловқа қатысты ешқандай қылмыстық істің қозғалмағанын ресми түрде мәлімдеді. Бірақ Жұмағұлов ың-шыңсыз орнынан кеткенімен былығы әлі ашылып жатыр. Жақында депутаттар электрондық оқулыққа деп бөлінген миллиардтаған теңгенің желге ұшқанын біліп, жағаларын ұстаған еді. Ал Өскемендегі кәсіптік мектептің құрылысына бөлінген ақшаны қалтаға басты деп айыпталған вице-министр Саят Шаяхметовке қатысты жақында сот отырысы басталмақ. Талай сорақылықтың көкесі сонда ашылуы ықтимал.