Қаржы полициясы өздерін қаржыландыруды ұлғайтуды өтініп отыр

"Қаржы полициясы қызметінің одан әрі дамуы және стратегиялық міндетті іске асыру үшін Агенттік экономикалық және жемқорлық қылмыстарды дер кезінде ауыздықтау және оның алдын алудың тиімді жүйесін арттыруға бағытталатын мемлекеттік органды қаржыландыруды арттыруды сұрап отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Премьер-министр жалпы алғанда, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі ұсынған Стратегиялық даму жоспарының жобасын мақұлдап, құжат қосымша қаралып, талқыланғаннан кейін ғана бекітілетінін түсіндіріп өтті.

"К. Мәсімов елімізде жүргізіліп отырған әкімшілік реформа және әзірленіп жатқан жаңа Бюджеттік кодекс қаржыландыру мен мемлекеттік қаражатты пайдалануда анағұрлым жауапты көзқарасты талап ететінін кезекті рет қадап айтты", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Ұсынылған концепцияда Қаржы полициясы органдары қызметінің негізгі міндеттері ретінде елімізде жемқорлық деңгейін төмендету және заңды бизнестің енгізілуі үшін түрлі кедергілерді жою белгіленген.

Атап айтқанда, мемлекет пен заңды тұлғалардың, азаматтардың құқықтары мен мүддесін тиімді қорғау үшін экономикалық және жемқорлық құқық бұзушылыққа жол беретін себептер мен жағдайларды жою белгіленген", - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, стратегия жемқорлыққа байланысты экономикалық құқық және тәртіп бұзушылық салдарларын жою туралы шараларлы қарастырады. Экономикалық және жемқорлық қылмыстардың алдын алу қылмыстық айналымнан айтарлықтай қаржыны алып шығауға және орын алған құқық бұзушылық салдарларын жою жөніндегі шараларға арналған шығынды қысқартуға мүмкіндік туғызатыны атап өтілді, делінген жарияланған хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, премьер-министр жалпы алғанда, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі ұсынған Стратегиялық даму жоспарының жобасын мақұлдап, құжат қосымша қаралып, талқыланғаннан кейін ғана бекітілетінін түсіндіріп өтті.

"Біздің барлық жұмысымыз нақты нәтижеге бағытталуы тиіс. Қазір біз мемлекеттік органдардың жаңа стандарт пен жұмыс әдісіне өтуін айқындап беретін істермен айналысып жатырмыз", - деді премьер-министр.