Қаржы полициясы: Қарағанды облысындағы мектептер мен балабақшалар өнімнің бағасын негізсіз 30%-ға дейін көтерді

Мемлекеттік сатып алулардың жылдық жоспарын тексеру барысында бірқатар мемлекеттік мекемелер сатып алынатын қажетті тауарлардың бағасын көтерген.

Осылайша Қарағандының 5 балабақша мен 2 мектебінің, сондай-ақ Абай қаласындағы балабақша және Балқаш қаласындағы мектептің лауазымды тұлғалары сатып алынатын тағамдардың құнын әдейі көтерген, деп хабарланды баспасөз хабарламасында.

«Тексеру шаралары барысында негізінен ірімшік, тауық еті, көкөністер мен жемістердің бағасын 30% асыра көтеретіні байқалды», - деп атап өтілді қаржы полициясында.

Сонымен бірге Теміртау қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі жанар-жағар май құнын 25,5% асыра көтерген. «АИ-92 маркілі бензинді 398 887,5 теңгеге (1 литрін 137,5 теңгеге) сатып алу конкурсы жарияланған. Ал мұнай өнімдерін бөлшектеп сату бойынша белгіленген бағаға сай АИ-92 маркілі бензиннің құны ҚҚС есептемегенде 99 теңгеден 102 теңге шамасында», - делінген баспасөз хабарламасында.