$100 мың көлемінде пара алу дерегіне байланысты "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ президенті Ж. Күлекеевке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 5-тармағы бойынша қылмыстың іс қозғалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, "Қазақстан темір жолы" АҚ ҰК тасымал басқармасы орталығы бастығының орынбасары Нұрабай Жанайдың коммерциялық құрылымдарға вагондарды бөлу үшін 295 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 311- бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің қызметкерлері 1-сәуірде "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның президенті Жақсыбек Күлекеевті ұстады.
Сондай-ақ, кеше "Қазақстан темір жолы" ҰК"АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағанындай, "Самұрық" холдингі" АҚ басқарушы компаниясының шешімімен компанияның бірінші вице-президенті Қажымұрат Нағманов президенттің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық назарын ұлттық компанияның жұмысы қалыпты тәртіппен жүргізіліп жатқанына аударады.
"Компания жүк және жолаушы тасымалдауды қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік міндеттерді атқаруда. Бастапқы жоспарға сәйкес, "Самұрық" холдингі" АҚ басқарушы компаниясы мен Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен даму бағдарламалары жүзеге асырылуда",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.