Қаржы полициясы "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның жетекшісін ұстады

Баспасөз қызметінің жетекшісі Әбдірәлі Бөлебайдың хабарлауынша, Ж. Күлекеевті кеше тұтқындаған.

"Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Әзірге біз тергеу мүддесіне сәйкес оған қандай баптармен айып тағылатынын айта алмаймыз", -деді қаржы полициясының өкілі.

Ж. Күлекеев "Қазақстан Темір Жолы" ҰК-ның президенті қызметіне өткен жылдың мамыр айында тағайындалған.